Контрабанда қылмысы үшін Әнипа Назарбаеваның компаниясынан кімдер жазаланды?

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы соты Қытайдан контрабанда тасумен айналысқан компанияның бір құрылтайшысы мен қызметкерлерін түрлі мерзімге соттады. Кәсіпорынның екі қожайынының бірі – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаева. Құзырлы органдар оған бұл жолы да ешқандай айып таққан жоқ.